Павлодар облысында жол апатынан шенеунік пен оның отбасы қайтыс болды

Ардақ Райымбеков. © pavlodar.gov.kz

Павлодар облысының Мәдениет, мұрағат және құжаттама басақармасының басышысы Ардақ Райымбеков пен оның отбасы жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол апаты Павлодар - Семей тасжолында болды, онда автокөлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Зардап шеккен екі адам ауруханада жатыр, төрт адам қаза тапты. 

Мәліметтерге сәйкес, автокөлік салонында мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы 35 жастағы Ардақ Райымбеков, оның жары және үш жасар ұлы болған. Сондай-ақ жол апатынан 53 жастағы әйел қайтыс болған, оның күйеуі мен қызы ауруханада жатыр.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккендердің денсаулығына еш қауіп жоқ екен.

"Жол апаты болған жерден екі адам жеткізілді. Олардың бірі 1961 жылғы ер адам және 1991 жылғы қыз бала. Қазіргі уақытта олар Павлодар облысындағы Аққулы аудандық ауруханасында жатыр", - деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама