Павлодар облысында жүк пойыздары соқтығысты: 3 вагон аударылды

Павлодар облысында ж?к пойыздары со?ты?ысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?ТЖ - Ж?к тасымалдау" А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Павлодар облысында жүк пойыздары соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ - Жүк тасымалдау" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"18 қаңтарда таңғы 06:45-те Павлодар облысындағы "Транзитный" бекетінде "Богатырь Транс" ЖШС өткелінде 14 вагоны бар жүк пойызы тұрақта тұрған жерінен сырғып, басқа бір составпен соқтығысты. Соның салдарынан үш вагон бір жағына аударылып қалды, ал екіншісінің төрт вагоны рельстен шығып кетті", - деді ведомстводағылар. 

Оқиғаға байланыс желісіндегі күштің азаюы себеп болған делінеді. Баспасөз қызметіндегілер осы кіреберіс жолдары мен локомотивтер және локомотивтік бригадалар "Богатырь Транс" ЖШС-ға тиесілі екенін айтады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама