Павлодар орталығында төбелес видеоға түсіп қалды

видеодан үзінді

Павлодар орталығында жігіттердің төбелесі видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар орталығында жігіттердің төбелесі видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер Instagram желісінде жігіттердің төбелесі туралы жазған. Видеода кафенің алдында екі жігіттің ерегесіп тұрғаны түсірілген. Екеуін ажыратпақ болып бір жігіт аралады. Сосын тағы бір жігіт пен қыз қосылады. Осы кезде екі адамның жерде жатқанын көруге болады. Біреуі орнынан тұруға тырмысып жатыр, ал екіншісі мүлде қозғалыссыз. Қара жейдедегі жігіт қарсыласына соққы жұмсауын тоқтатпай, бар күшімен жерге құлатады. Сосын жерде жатқан екеуін ұрып-соғады. Қыз бала жерде жатқан жігітке қорған болып, ажыратуға кіріскен. Оны бір жігіт құшақтап алып, шетке қарай шығарып тастайды. 

Бірнеше жігіт осы жағдайды сырттай бақылап тұрғанын да көруге болады. 

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, осы мекен-жай бойынша ешқандай төбелес туралы хабар түспегенін айтады. 

"Осы дерекке қатысты арыз түскен жоқ. Видео тіркеуге алынды, тексеру жүргізіледі, оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама