27 маусым 2021 | 15:13

Павлодар орталығында түнде жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: Instagram.com

Павлодар орталығында түнде жол апаты болып, екі адам қаза тапты, тағы үшеуі зардап шекті. Апат дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар орталығында түнде жол апаты болып, екі адам қаза тапты, тағы үшеуі зардап шекті. Апат дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да жарияланған суретте екі көлік түсірілген, олардың бірі соққыдан қатты майысып кеткен.

Полиция мәліметінше, жол апаты 27 маусымда сағат 02.55-те Астана мен Есенәлиев көшелерінің қиылысында болған.

Реклама
Реклама

"Toyota Windom және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Дәрігерлердің айтуынша, қаза болғандар - Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғыны мен Павлодар облысы Шақат ауылының 31 жастағы тұрғыны. 

"Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. 1997 жылғы қыз ауыр ми жарақатын және травматикалық шок алды. Қазір ол бірінші дәрежелі комада жатыр. Сондай-ақ, ауруханаға 1995 жылғы ер адам мен 1997 жылғы қыз жеткізілді. Зардап шеккендердің миы шайқалған, омыртқа жарақаттары бар", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Полиция мәліметінше, екі көлік те айып тұрағына қойылды.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - деді Қайыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная