ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 маусым 2026 12:13
Павлодар түбінде тікұшақ шұғыл қонды
Павлодар түбінде "Қазавиақұтқару" компаниясының Ми-8 АМТ тікұшағы қатты қонды. Бортта 13 адам болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Павлодар түбінде "Қазавиақұтқару" компаниясының Ми-8 АМТ тікұшағы қатты қонды. Бортта 13 адам болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тікұшақ қатты қонған сәтте оқиға орнына жақын маңда жоғалған адамды іздестіріп жүрген павлодарлық Vita қозғалысының еріктілері оқиғаның куәсі болды.
"Еріктілер жоғалған зейнеткерді іздестіру жұмыстарына қатысып жүрген еді. Павлодар қаласының маңында олар жантая, төмен ұшып бара жатқан тікұшақты байқайды. Содан кейін жерге қонғанда әуе кемесінің қалақтары ұшып кетіп, құйрық бөлігі бөлініп, шассиі зақымдалды. Тікұшақ өртеніп кете ме деп қорыққан адамдардың айқайлап ішінен қашып шыққанын көрдік. Біздің жігіттер оларға алғашқы көмек көрсетті", - деп хабарлады Vita еріктілері.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне авиациялық оқиғаның 24 маусымда Павлодар қаласына жақын орналасқан Заря ауылының маңында болғанын хабарлады.
"Қазавиақұтқару" АҚ авиакомпаниясы пайдаланатын Ми-8 АМТ әуе кемесі қатты қонды. Ұшу мақсаты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу болған. Әуе кемесінің бортында 13 адам болды, оның ішінде 5 экипаж мүшесі және 8 жолаушы бар", - деп түсініктеме берді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, қаза тапқандар жоқ, зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Сондай-ақ оқиғаның себептері мен мән-жайын Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді зерттеу жөніндегі департаменті тергеп жатқаны хабарланды.
"Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері нақты ақпаратты жинау мақсатында тергеудің далалық кезеңін бастады", - деп атап өтті Көлік министрлігі.
Павлодарлық еріктілердің дерегінше, сол күні Ертіс жайылмасында құтқарушылар, полицейлер мен Vita еріктілері 23 маусымда жоғалып кеткен қала маңындағы ауылдың 71 жастағы тұрғынын іздеген. 24 маусымда зейнеткерді еріктілердің бірі тапты.
Павлодар облысында ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты
Еске сала кетейік, осы жылдың 27 мамырында Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі ауруханаға түсті. Ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол электр желілеріне ілініп қалған. Бортта екі экипаж мүшесі болған еді.
Ұшақ апаты дерегі бойынша Павлодар станциясының желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу