Павлодар тұрғыны Instagram-да қаруды жарнамалаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Павлодар тұрғыны Instagram-да қаруды жарнамалаған видео кадры

Павлодар облысының полицейлері Instagram-да қаруды "жарнамалаған" ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының полицейлері Instagram-да қаруды "жарнамалаған" ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 2 маусымда әлеуметтік желілерді тексеру кезінде белгісіз ер адамның атыс қаруын "жарнамалап" отырған видеосы анықталған.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Павлодар қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты, одан Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама