06 желтоқсан 2023 17:32

Павлодарда 11 миллион теңге көлемінде айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Фото: polisia.kz

Павлодарда 11 миллион теңге көлемінде айыппұлы бар жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 11 миллион теңге көлемінде айыппұлы бар жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

29 жастағы жүргізуші шамамен 11 миллион теңге көлемінде айыппұл төлемеген, Академик Сәтбаев көшесіндегі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстады.

Реклама
Реклама

"Рейд жүргізу кезінде Павлодарда БМВ 745 автокөлігі тоқтатылды. Базаны тексеру кезінде жүргізушінің төленбеген айыппұлдары бар екендігі анықталды. Бұл жүргізушіні сот орындаушылары іздеп жүр. Полицейлер жүргізушіге салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу туралы түсіндірді", – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция 4-14 желтоқсан аралығында "Жазаның бұлтартпастығы" қағидатын орындау мақсатында Павлодар облысының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын атап өтті.

"Көрсетілген кезеңде төленбеген айыппұлдар бойынша 254 борышкермен түсіндіру сұхбаты өткізілді, әрқайсы жауапкершілік туралы ескертілді. Олар қазірдің өзінде 6 миллион теңгеден аса қарызын төлегені айтылда.

Қорғау мен Кибер – шерифтің бейнетіркеу жүйелерімен 149 сәйкестік тіркелді, автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды, сол жерден жүргізушілер өз айыппұлдарын өтегеннен кейін ғана өз көліктерін ала алады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram