03 наурыз 2020 | 16:54

Павлодарда 16 жастағы студент қыз жоғалып кетті

Павлодарда политехникалық колледждің 1-курс студенті Камила Сторожук жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда политехникалық колледждің 1-курс студенті Камила Сторожук жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Студент қыз 19 ақпанда кешкі уақытта үйден кетіп, сол күйі оралмаған.

Реклама
Реклама

Сторожуктың отбасында төрт бала бар, Камила тұңғышы. Ол жоғалып кеткен күйі үйде інілерімен болған.

"Камила үйде болатын, сол күні оған сағат төрттерде хабарласып, сіңлісін балабақшадан алып кетуін сұрадым. Содан Камила інісін әжесіне апарып, кейін балабақшадан шығып, сіңлісін де әжесіне апарып тастаған. Балаларды қалдырып, үйге кеткен", - дейді студент қыздың анасы Ляйля Усманова.

Анасының айтуынша, кешкі сағат 6-ларда қызының телефоны сөндірулі тұрған.

"Екінші қызы сағат 7-лерге қарай келіп, Камиланың үйде жоқ екенін көріп, маған бірден хабарласты. Камиланың заттары шашылып жатқанын айтты. Өзімен бірге кеды мен дәптерлерін алып кеткен. Кешке келіп, достарына хабарласа бастадық. 22 ақпанда полицияға бардық. Бір күннен соң белгісіз біреулер Камиланы қала орталығынан көрдік деп хабарласты. Содан біз қалаға барып, барлығынан сұрастыра бастадық, бірақ ешкім көрмеген болып шықты", - дейді ол.

Оның айтуынша, Камила осыған дейін ешқашан үйден кетіп қалған емес.

Полицейлер іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная