Павлодарда 22 жастағы қыз бесінші қабаттан секірмекші болды

Видео кадры

Павлодарда 12 мамырда кешкі сағат сегізде Қамзин көшесіндегі үйлердің бірінің бесінші қабатынан 22 жастағы қыз секірмекші болды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, туыстарымен бірге пәтер жалдап тұратын қыздың мұндай қадамға баруына жауапсыз махаббат себеп болған. Бесінші қабаттан секірмекші болған қызды тұрғындардың бірі байқаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері алдымен өзіне қол салуға бекінген қызбен тілдесуге тырысты. Кейін үйдің шатырына шығып, қызды құтқарған.

Реклама
Реклама

"Тәртіп сақшылары 22 жастағы тұрғынды көпқабатты үйдің төбесінен төменге түсірді. Ол өзінің қаланы тамашалау үшін жоғарыға шыққанын айтқан. Енді істеген қылығы үшін "Бұзақылық" бабына сәйкес істі болуы мүмкін", - деді Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама