Павлодарда 59 жастағы жұмысшы құбыр басып, қаза тапты

Телеарна сюжетінен алынған кадр

Павлодарда 59 жастағы жұмысшы құбыр басып, қаза тапты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Павлодарда 59 жастағы жұмысшы құбыр басып, қаза тапты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға Алюминий зауытының аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы құбырларды монтаждау кезінде астында қалып қойған. Ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмаған.

Қаза тапқан ер адам "Ай-су мелорация" ЖШС-та қызмет еткен. Мердігер қалдықтарды шығаратын құбырлар салумен айналысқан. Серіктестік марқұмды жерлеу рәсіміне кететін барлық шығынды өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, жұмысшының отбасына 100 АЕК көлемінде көмек көрсетілген. Марқұмның соңында әйелі мен кәмелетке толған 2 баласы қалған.

Реклама
Реклама

"Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары аяқталған соң оны полицияға жібереміз, - деді облыстық еңбек басқармасының бөлім басшысы Абылай Сабыров.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама