20 қыркүйек 2019 | 18:06

Павлодарда асылып қалған полицей өлім алдында адам есімін айтқан

Камила Долаева Журналист

Өз-өзіне қол салған полицияның өліміне қатысты істі Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өз-өзіне қол салған полицияның өліміне қатысты істі Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл дерек бойынша қызметтік тергеуді өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізеді. 

Реклама
Реклама

"19 қыркүйекте сағат 07.20-да Павлодарда Сәтбаев көшесінде орналасқан үйдің маңындағы гаражда 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Қайтыс болған адам полиция қызметкері екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы дерек бойынша тергеу бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деді ПД басшысы Амантай Әубәкіров.

Ол тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті. Тергеу қорытындысын кейін қосымша хабарланады.  

Қайтыс болған полицейдің ағасы Руслан Оспанов оның өзіне қол жұмсар алдында досына қоңырау шалып, оны мұндай қадамға итермелеген адамның есімін айтқанын хабарлады.  

Полиция майоры Оспанов 12 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Оның артында жүкті әйелі мен баласы қалды. Биыл желтоқсанда Руслан Оспанов 35-ке келер еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная