Павлодарда болған жантүршігерлік жол апаты видеоға түсірілді

©Youtube/Dake kz

YouTube порталында Павлодарда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды. Оқиға автокөліктердің біріндегі видеотіркегішке жазылып қалған.

Видеоға қарағанда, сәрсенбі күні, 21 қаңтарда Павлодар көшелерінің бірінде анықталмаған қара түсті көлік жаяу жүргінші жолымен бесік арбасымен жүріп бара жатқан әйелді қағып өткен. Жол талғамайтын көліктің жолдың айрығына жартылай шығып алғаны көрінеді. Бұдан кейін жүргізуші тоқтамай, кетіп қалады.

Реклама
Реклама

Auto.Lafa.kz интернет-басылымының мәліметінше, жол апатында әйелдің аяғы сынған. Ал баланың аман-саулығы жайлы мәлімет жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама