07 шілде 2021 | 18:26

Павлодарда бір күнде екі бала терезеден құлап, қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Павлодарда бір күнде екі жазатайым оқиға болды. Көпқабатты үйлер терезесінен екі бала құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда бір күнде екі жазатайым оқиға болды. Көпқабатты үйлер терезесінен екі бала құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметі бойынша, екі бала да оқиға кезінде ата-анасымен бірге үйде болған.

"Павлодарда 6 шілдеде сағат 19.40-та 2019 жылы туған бала Бұқар жырау көшесіндегі үйдің бесінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылып, кейін қаза болды", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Реклама
Реклама

Дәл сол күні көрші шағын ауданда да осындай қайғылы оқиға болған. Бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен 7 жасар қыз құлап кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер нәрестені құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған, бірақ алған жарақаты ауыр болып, сәби қаза болған.

"Екі жағдайда да балалар үйде ата-анасымен бірге болған. Бірақ бір уақытта олар ересектер назарынан тыс қалған. Сонымен қатар, балалардың терезе алдына кедергісіз шығу мүмкіндігі болды, яғни терезе жанында орындық немесе басқа жиһаз тұрған", - деді Қайыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная