ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қыркүйек 2022 | 09:13
Павлодарда демалысқа шыққан отбасы адамшошырлық жайтқа тап болған
Павлодарлық отбасы Ертіс жағалауында жүріп адамның жағына ұқсас сүйектерді тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарлық отбасы Ертіс жағалауында жүріп адамның жағына ұқсас сүйектерді тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адамшошырлық оқиға туралы "Поисковики Павлодара "Вита" еріктілер тобы Instagram-да мәлімдеді.
"Отбасы жағалауда демалып жүріп судан адам жағына ұқсас сүйектерді тауып алған. Бірақ демалушылар судан шығаруға батылы бармай, бізге демалыс орнындғы оқиға туралы айтып берді", - дейді еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.
Ескерту, жүйкесі нашар, жүкті әйелдер мен балалаларға көруге болмайды.
Ертіс тармағына келіп, еріктілер де таңғалған.
"Жақтың бөліктерін іздеп жатқан кезде жағалауда шашылып жатқан басқа да сүйектерді тауып алдық. Бір сағаттан кейін Константин есімді ерікті тырманы алып, жақтың қалған бөліктерін тапты. Бұл адам сүйектері деп нақты айтпаймыз, бірақ бұл адам жағына ұқсап тұр. Онымен мамандар айналысатын шығар. Өкінішке қарай, жағалауда жүрген, балық аулауға шыққан немесе жай ғана қыдырып жүрген адамдардың жақыны жоғалып кеткен кездерді білеміз", - дейді еріктілер тобының жетекшісі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также