ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қаңтар 2022 | 16:36
Павлодарда екі қабатты дәмханада өрт шықты
Павлодарда екі қабатты дәмхана ғимаратында өрт шықты. Өрт салдарынан нысанның шатыры қирады. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда екі қабатты дәмхана ғимаратында өрт шықты. Өрт салдарынан нысанның шатыры қирады. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабарлама 16 қаңтарда сағат 9.03-те келіп түскен.
"Павлодарда Северная өндірістік аймағы 600 мекенжайындағы екі қабатты кафе ғимаратында ағаш конструкциялар толық жанып кетті. Өртенген аумақ 300 шаршы метр", - деді ведомство өкілдері.
Сол кафеде қонақ үй кешені орналасқан. Ресми мәлімет бойынша, өртсөндірушілер келген кезде бөлмеде қонақтар болмаған. Өрт сөндіру жасақтары келгенге дейін жанып жатқан ғимараттан 5 адам эвакуацияланды. Өртті сөндіру үшін оқиға орнында штаб құрылды, өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен Апаттар медицинасы орталығының 35 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылған.
"Өрт сағат 10.53-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Нысан иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін мекеме иесіне ескерту немесе 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Өрттен келтірілген залал анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также