Павлодарда екі жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

Павлодарда екі жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті © Tengrinews.kz

Павлодарда екі жасар бала к?п?абатты ?йді? терезесінен ??лап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі о?и?а орнынан. ?ай?ылы о?и?а 4 шілдеде шамамен кешкі са?ат 21.00-де Химгородка ы?шамауданында бол?ан.

Павлодарда екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Қайғылы оқиға 4 шілдеде шамамен кешкі сағат 21.00-де Химгородка ықшамауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, екі жасар бала 6-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ол шыбын-шіркей торымен бірге құлап, үйдің алдындағы асфальтқа барып түскен. Көршілердің айтуынша, мерт болған баланың анасы сол кезде жұмыста болған. Ал бала үйде әжесімен бірге болған.

"Ұлым мені жұмыстан күтіп, қарайлап отырған ғой", - дейді қаза болған баланың анасы.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сол аумақты қоршауға алды. Қазіргі уақытта олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұл Павлодарда жыл басынан бері болып отырған төртінші қайғылы жағдай. Барлық жағдайда балалар шыбын-шіркей торын ұстаймын деп құлап кеткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама