Павлодарда ер адам 14-қабаттан құлап кетті

Павлодарда 31 жаста?ы ер адам 14-?абаттан ??лап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда 31 жастағы ер адам 14-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 11 маусымда түскі уақытта болған. Полициядағылардың мәліметінше, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Оның 1987 жылғы екені белгілі болды.

"Ер адам 16 қабатты үйдің 14-қабатында орналасқан балконнан құлап кетті. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, ер адам отбасымен бірге осы үйде тұрған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама