29 қаңтар 2021 16:25

Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кеткен

Павлодарда қонақүйлердің бірінде 33 жастағы ер адам төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен. Зардап шеккен азаматты лифт шахтасынан шығару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды. Қазір ол ауруханада ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі оқиға 28 қаңтарда кешке орын алған деп хабарлады.

Реклама
Реклама

"Қонақүй әкімшісі 112 бірыңғай қызмет пультіне қоңырау шалып, қонақүйде тұратын ер адам лифт шахтасына құлап кеткенін хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдардың көмегімен ер адамды лифт шахтасынан алып шықты", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ер адам лифтке кірген сәтте құлап кеткені хабарланды. Нәтижесінде ол бірнеше дене жарақатын алған.

"Зардап шекен азаматқа мидың шайқалуы, кеуде қуысы мен омыртқа жарақаты диагнозы қойылған. Ол Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімшесінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр. Қажетті зерттеулер жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram