ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2022 | 17:50
Павлодарда ер адам мысықты өлгенше соққыға жыққан
Павлодар тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінде мысықты өлімші етіп сабаған. Келесі күні мысық өліп қалған. Полицейлер соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінде мысықты өлімші етіп сабаған. Келесі күні мысық өліп қалған. Полицейлер соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарлық жануарлар құқығын қорғаушылар Instagram әлеуметік желісінде қорғансыз жануар аяусыз соққыға жығылғаны туралы айтып берді. Олардың айтуынша, үйдің тұрғыны аула сыпырушылар қоймасынан мысықты шығарып алып, соққыға жыққан.
"Мысық келесі күні өліп қалды. Тұрғындар және біз полицияға арыз жаздық", - дейді қоғамдастық өкілдері.
Видео сипаттамасында полицейлер бұл факт Павлодар ПБ Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелгенін жазды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Кейінірек Полиция департаментінің баспасөз қызметі мысықты ұрған ер адамның анықталғанын хабарлады.
"Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деді ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также