01 ақпан 2021 | 08:54

Павлодарда эскалатордан құлаған қыз жансақтау бөліміне түсті

Павлодар тұрғыны қаладағы сауда үйлерінің бірінде эскалатордан құлап, ауыр жарақат алды. Ол бірден жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар тұрғыны қаладағы сауда үйлерінің бірінде эскалатордан құлап, ауыр жарақат алды. Ол бірден жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлықтар Instagram желісіндегі паблик фолловерлері қыздың эскалатордан құлағанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Қыз эскалатордың екінші қабатынан жертөледегі плитаға құлады. Біз тек тарс еткенді естідік. Жақын маңдағы бутиктерден сатушылар атып шықты, бірақ сауда үйінің күзеті видеоға түсіруге тыйым салды", - дейді куәгерлер.

Зардап шеккен адам бутиктердің бірінің сатушысы екен. Қызды Павлодардағы № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызған.

"1990 жылы туған науқас ауыр халде жеткізілді. Оған бассүйектің жабық жарақаты, ми шайқалуы, кеуде қуысының соғылуы, іш жарақаты диагнозы қойылған. Қазір ол политравма бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі. Дәрігерлер бақылап отыр", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сауда үйінің жалға алушыларының айтуынша, эскалатор оқиға болған күні жұмыс істемеген.

Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша әзірге шағым түспеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная