09 ақпан 2019 | 17:18

Павлодарда жедел жәрдемге жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды

Павлодарда жедел жәрдемге жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда жедел жәрдемге жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі. 

Соққы көрген жедел жәрдем дәрігерлері қаскөйдің үстінен арызданудан бас тартты және оған ешқандай қарсылығы жоқтығын айтады. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді. Алайда ер адам бұзақылық әрекеті үшін қалайда жауап береді. 

Реклама
Реклама

"Жедел жәрдем қызметкерлерін ұрып-соғу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде процестік шешім шығарылады", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары. Сонымен қатар, полицейлер оқиғаның мән-жайы туралы да айтып берді. 

"Абрикосовая көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінен жедел жәрдем қызметкерлерінің көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша патруль жіберілді. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері дене қызуы көтерілген үш жасар балаға көмекке келгені анықталды. Балаға медициналық көмек көрсетілді, жедел жәрдем қызметкерлері баланы ауруханаға жатқызу керектігін айтқан. Бірақ баланың анасы одан бас тартқан. Осы кезде"жедел жәрдем көлігі осы мекенжайдан шыға бергенде қайтадан қоңырау түсіп, дәрігерлер сол үйге қайтып барған. Дәрігерлер қайтып келген уақытта баланың әкесі дөрекі сөйлеп, жұдырық ала жүгірген", - деді өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары. 

Полиция өкілдерінің айтуынша, медициналық қызметкерлер ер адамға қатысты наразылығы жоғын мәлімдеген. Арыз жазудан бас тартқан. Дәрігерлер ер адамның жары жүкті әрі кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты арызданбаған. 

Айта кетейік, оқиға ақпанның 8-іне қараған түні болды. Баланың әкесі дәрігерлер бригадасына жұдырық ала жүгірген. Оқиға салдарынан 25 жастағы фельдшер мен санитарлық қызметкердің миы жабық түрде зақымдалған, миы шайқалған және беттері сырылған. Зардап шеккендер травматология бөлімінен жеткізілген, алайда ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазіргі уақытта олар амбулаторлық ем қабылдап жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная