12 сәуір 2021 | 16:06

Павлодарда жол талғамайтын көлікпен екі қарт әйелді қағып кеткен қыз сотталды

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қылмыстық сот жол талғамайтын көлікпен екі қарт әйелді қағып кеткен 29 жастағы павлодарлық қызға үкім шығарды. Ол екі жыл алты айға сотталды және жәбірленушілерге келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттелді. Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы салдарынан бір әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қылмыстық сот жол талғамайтын көлікпен екі қарт әйелді қағып кеткен 29 жастағы павлодарлық қызға үкім шығарды. Ол екі жыл алты айға сотталды және жәбірленушілерге келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттелді. Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы салдарынан бір әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылдың 10 қарашасында сотталушы BMW X5 көлігімен келе жатып, жаяужолда адамдарға жол бермей, екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 63 жастағы павлодарлық әйел ауруханада қайтыс болды, ал екінші 60 жастағы қала тұрғыны жарақаттармен ауруханаға түсті. 

"Сотталушы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды. Оған бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, екі жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар қаласының № 2 сотының судьясы Жанар Тұрлыбаева.

Реклама
Реклама

Сотта баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін, бірақ жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып, ауырлататындар болмаса қамау уақыты жалпы мерзімнің жартысынан аспауға тиіс екені айтылды.

"Сондай-ақ, сот әйелді екі жәбірленушіге жалпы сомасы 4 087 138 теңгеге моральдық және мүліктік зиянды өтеуге міндеттеді", - деп нақтылады Павлодар қаласының № 2 сотының баспасөз қызметіндегілер.

Үкім жарияланғаннан кейін сотталушы бірден қамауға алынды. Ол ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді.

Сот қаулысы бойынша павлодарлықтың алты жасар ұлы мен оның мүгедек анасы жақын туысының қамқорлығына берілді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Еске салайық, Павлодарда болған қайғылы оқиғаны куәгерлер әлеуметтік желілерде бөліскен еді. Апаттан кейін жүргізуші көліктен лезде шығып, зардап шеккендерге көмектесуге тырысқаны белгілі. Жол апаты кезінде қыз сау болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная