Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі атылып, көлік жөндеуші қаза тапты

viewings icon
1116
comments icon
0
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Павлодарда жүк көлігін жөндеу кезінде дөңгелегі атылып, жұмысшы қаза тапты. Шеберхананың тағы екі қызметкері зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда жүк көлігін жөндеу кезінде дөңгелегі атылып, жұмысшы қаза тапты. Шеберхананың тағы екі қызметкері зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 16 шілдеде сағат 13.00-де Павлодардағы Жібек Жолы көшесіндегі көлік жөндеу шеберханаларының бірінде болған.

"Жөндеу жұмыстары кезінде дөңгелек атылып кеткен. Алған жарақатынан 38 жастағы жұмысшы оқиға орнында қаза болды", - деді Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Реклама
Реклама

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 1983 жылғы ер адам ауыр жарақат алған.

"Оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы барды. Ауруханаға 41 және 57 жастағы екі зардап шеккен қызметкер жеткізілді. Бір ер адам жабық ми жарақатын, контузия, іш жарақатын алған. Тексергеннен және алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол амбулаториялық емдеуге ауыстырылды. Екінші жәбірленуші тексеруден және ауруханаға жатудан бас тартты", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Дерек бойынша полицейлер ҚР ҚК-ның 156-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная