04 тамыз 2021 | 14:09

Павлодарда жүргізуші жалған көлік нөмірін картоннан жасап алған

Павлодарда шетелдік көлік жүргізушісі жалған мемлекеттік нөмірді картоннан жасап, тағып жүрген. Ер адам бұл әрекеті үшін әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда шетелдік көлік жүргізушісі жалған мемлекеттік нөмірді картоннан жасап, тағып жүрген. Ер адам бұл әрекеті үшін әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция Павлодар көшелерінің бірінде жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін ұстаған. Тұрақта тұрған VIP-нөмірлі Nissan көлігі полицейлерге күдік туғызған.

"Мәліметтер қорын тексерген кезде, мұндай мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көліктердің базада жоқ екені анықталды. Кейіннен ер адамның нөмірді қарапайым картоннан жасағаны анықталды", - дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Реклама
Реклама

Ұсталған жүргізуші көлік нөмірін жоғалтып алғаннан кейін картонға нөмір жазып, уақытша қойғанын айтты.

"Ер адам нөмірі жоғалған жағдайда полицияға жүгінуі керек еді, оған нөмірдің көшірмесі беріледі. Ол картоннан нөмір жасап қолдануды ұйғарған. Дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Сарғұлов.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері жалған нөмір қолданғаны үшін 60-қа жуық тәртіп бұзушыны жазалаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная