ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2022 | 12:17
Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, ағашқа соғылды
Павлодарда Audi Q7 көлігін тізгіндеген әйел жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып өтіп, ағашқа соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда Audi Q7 көлігін тізгіндеген әйел жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып өтіп, ағашқа соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Павлодар орталығындағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде болған. Instagram-да оқиға орнынан түсірілген суреттер жарияланды.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 12 мамырда таңертең болған.
"Аudi Q7 көлігін тізгіндеген 61 жастағы жүргізуші Бектұров көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Зардап шеккен адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
"Ер адамның миы шайқалған, іші, арқасы, жамбас сүйегі жараланған. Жағдайы орташа ауыр", - деді Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы тексеріліп жатыр. Сараптама тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также