04 желтоқсан 2020 | 09:21

Павлодарда жүргізуші көлігімен бірге жанып кете жаздады

Фото: © Tengrinews.kz

Павлодарда жүргізуші көлігімен бірге жанып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда жүргізуші көлігімен бірге жанып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші көлікті оталдырған кезде ол өртене бастаған.

Реклама
Реклама

"3 желтоқсанда кешкі сағат 17.56-да Дүйсенова, 56 мекенжайынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Ауладағы 6 шаршы метр аумақта Hyundai Аccent көлігі толығымен өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көліктің жүк салғышынан сыйымдылығы 15 литр болатын бір газ баллоны шығарылды", - деліген хабарламада.

Өрт салдарынан 42 жастағы ер адам зардап шеккен. Оның беті, белі мен сол жақ қолы күйіп қалған. Ол Павлодардағы № 1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт ауа-газ қоспасының тұтануынан шыққан.

"Зардап шеккен ер адам шағын кәсіпкер болған. Оның көлігінің жүк салғышында арнайы құрал,  құрал-саймандар мен 15 литрлік газ баллоны болған. Баллон газ шығаруы мүмкін. Көлік аулада шамамен 4 сағат тұрған. Жүргізуші көлікке отырып, оны іске қосқаннан кейін газ-ауа қоспасы тұтанған. Салдарынан өрт шыққан. Ол көліктен секіріп үлгерді", - делінген хабарламада.

Өрт толығымен кешкі сағат 18.09-да сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная