Павлодарда жүргізуші зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Видеодан кадр

Павлодарда полицейлер 74 жастағы зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда полицейлер 74 жастағы зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, оқиға Мәшхүр Жүсіп және Лермонтов көшелерінің қиылысында болған.

"Жүргізуші 74 жастағы зейнеткерді қағып, қашып кеткен. Көлік пен жүргізушіні анықтау үшін шұғыл-іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, зейнеткер әйел жолдан өтуге болмайтын жерден өткен. Оқиға орнынан бірден ауруханаға жеткізілген.

Аймақтың Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, зейнеткер кеуде қуысынан жарақат алған, қабырғасы сынған, миы шайқалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама