Павлодарда карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген

Павлодарда карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Павлодар орталығында карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар орталығында карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіпсік сақшылары 9 тамызда арнайы рейд барысында эротикалық массаж салоны жұмыс істегенін анықтаған. Оқиға болған жерде мекеме әкімшісі мен салонда массаж жасайтын төрт қыз ұсталған.

"Қыздар 20-22 жас аралығында, олардың барлығы - Павлодар облысының тумалары. Қыздар коронавирус жұқтыру қаупіне қарамастан клиенттерді қабылдап, пайда табуды көздеген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы және 463-бабы бойынша күдіктілерді жауапқа тарту үшін іс облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді", - деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама