ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2023 | 12:48
Павлодарда қазандықтағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккен адамның жағдайын айтты
Қазандық жарылғанда зардап шеккен павлодарлық тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылысқа қатысты тергеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазандық жарылғанда зардап шеккен павлодарлық тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылысқа қатысты тергеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 20 ақпанда сағат 17:15-те Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына 43 жастағы ер адам жеткізілген.
"Зардап шеккен адамның басын, бетін, денесін, қол-аяғын 40-45 пайыз күйік шалған. Сондай-ақ, ол термиялық күйік алған және жану өнімдерінен уланған. Жағдайы ауыр", - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінде басталған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қазандық ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған. Қазандық газбен жұмыс істеген. Бұл факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі", - деді басқарма басшысы Данияр Андасов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также