16 мамыр 2024 | 17:50

Павлодарда кілтті жоғалатқаны үшін соққға жығылған әйел видеоға түсіп қалды

видео кадры

Тұрғын үйдің кіреберісінде соққыға жығылған павлодарлық әйел агрессорға қарсы полицияға арыз жазудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үйдің кіреберісінде соққыға жығылған павлодарлық әйел агрессорға қарсы полицияға арыз жазудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде павлодарлық тұрғынның көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісі маңында әйелін ұрып жатқан видеосы пайда болды. Кадрларда ер адам оны балағаттап жатқанын көруге болады. Бұл кезде әйел орындықта беті мен басын жауып, жантая отырғанын көруге болады.

"Ойланбайсың ба, әлде не, түсінбеймін? Мен үйге кіре алмай тұрмын. Кілттерді табатын бол. (...) Кілттерді таппасаң, бетіңді жер қыламын", - деп айқайлайды ер адам, содан кейін оның басынан бар күшімен ұрады.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде пайда болған видеоны полицейлер зерттеген. Олар тексеру жүргізіп, видео кейіпкеріне әкімшілік материал толтырған.

"Жанжалдасқан ер мен әйел анықталды. Жәбірленушінің арыз жазудан бас тартқанына қарамастан, полиция ер адамға қатысты отбасылық жанжал дерегі бойынша әкімшілік іс қозғаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство әйелін ұрып-соққан ер адамның қашпағанын немесе жасырынбағанын түсіндірді. Полицейлердің жанжалға не себеп болғанын сұрағанда, жәбірленуші есінде ештеңе жоғын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная