Павлодарда көлік ағашқа соғылды: жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

Видео кадры

Павлодарда автокөлік ағашқа соғылып, салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда автокөлік ағашқа соғылып, салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер оқиға орнынан видеоны Instagram-да жариялады.

Реклама
Реклама

Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, жол апаты 5 ақпанда сағат 22.30-да Аймауытов көшесінде болған. 

"Toyota маркалы көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай ағашқа соғылды. Салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада. 

1985 жылы туған тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"Жол апаты бойынша тексеріс жүріп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама