Павлодарда көлік апатынан сегіз адам зардап шекті

©Vesti.kz

Павлодар облысында шағын автобус тепловозға соғылып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, тағы сегіз адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел ақпаратқа қарағанда, төтенше оқиға бүгін Ақсу - Дегелең теміржолының 26-шақырымында болды. "Ақсу-1 - Ақсу-2 теміржол өткелінде Ford Transit шағын автобусы тепловозбен соқтықты. Оқиға кезінде шағын автобуста тоғыз адам болған, олардың сегізі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, бір адам сол жерде қайтыс болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісі кінәлі. Ол тепловозды өткізіп жібермеген. "Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Апаттың нақты себебі анықталатын болады", - дейді төтенше жағдайлар қызметкерлері. Дәрігерлердің мәліметінше, аман қалғандардың бесеуінің жағдайы өте ауыр.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама