27 ақпан 2022 17:58

Павлодарда көлік өзендегі мұз астына түсіп кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодарда жеңіл көлік өзендегі мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жеңіл көлік өзендегі мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 ақпанда сағат 18.25-те Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" пультіне "Нива" автокөлігі мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түсті.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Реклама
Реклама

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Усоль ықшамауданы "Ertis Olympic" бассейні маңында жеңіл көлік өзенге түсіп кеткен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арқан көмегімен көлікті жағаға шығарды. Куәгерлер құтқару операциясы түсірілген кадрларды Instagram желісіне жариялады.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 адамы мен екі техникасы, полицейлер жұмылдырылды", - деді облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram