ПОДЕЛИТЬСЯ
30 тамыз 2020 | 14:20
Павлодарда қонақүй кешені өртеніп кетті
Өрт сөндірушілер Павлодардағы қонақүй кешенінің аумағында болған өртті бес сағат бойы өшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өрт сөндірушілер Павлодардағы қонақүй кешенінің аумағында болған өртті бес сағат бойы өшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аймақтың ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мейрамхана-қонақүй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама 30 тамызда сағат 02:29-да түскен.
"Шамамен жалпы ауданы 200 шаршы метр болатын, ағаштан жасалған кешен толығымен өртеніп кетті. Жеті адам өздері эвакуацияланды. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер сыйымдылығы 80 литр болатын газ баллонын эвакуациялады", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті ауыздықтауға төрт сағат уақыт кеткен. Жұмысқа 11 техника мен жеке құрам 34 адамы жұмылған. Жалынды сөндіру үшін өрт гидрантынан магистральды тарту керек болған. Өрт сөндірушілерден басқа, Павлодар жедел қызметінің жұмысшылары да жұмылған.
"07.05-те өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Себептер мен шығындар анықталып жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также