ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2021 | 12:00
Павлодарда кондуктор зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жіберді
Павлодарда кондуктор зейнеткермен жанжалдасып, оны автобустан итеріп шығарып жіберді. Қала әкімдігі болған оқиғаға кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда кондуктор зейнеткермен жанжалдасып, оны автобустан итеріп шығарып жіберді. Қала әкімдігі болған оқиғаға кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кондуктор мен зейнеткер арасындағы жанжалды куәгерлер видеоға түсірген. Кадрларда әйел кондуктордың қарт жолаушыны автобус есігінен итеріп жібергені, содан кейін кіруге кедергі келтіргені көрінеді. Видеода бейәдеп сөздер айтылады.
Куәгерлердің айтуынша, төбелес қарт әйел зейнеткерлік куәлігі жоқ болған соң, ақша төлеуден бас тартқаннан кейін басталған.
Павлодар әкімдігі болған жағдайға кешірім сұрады.
"Болған оқиға үшін кешірім сұраймыз. Біз парк басшылығымен жағдайды міндетті түрде қарастырамыз, тасымалдаушы фирма қызметкерлерінің мұндай мінез-құлқы дұрыс емес, кінәлі адамдар жазаланады", - деді Павлодар әкімдігіндегілер.
Ал осы бағытқа жауапты автопарк әзірге түсінік беруден бас тартты. Себебі әлі тексеру аяқталмады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также