17 ақпан 2014 18:08

Павлодарда көпқабатты үй маңынан сәби мәйіті табылды

©Ярослав Радловский

Павлодар қаласында көпқабатты үйдің түбінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шұғыл ақпарат бойынша оны Набережная көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, сәби жоғарыдағы пәтерлердің бірінің балконынан төменге тасталған. Полиция сәби мәйітінің табылғанын растады, басқа ақпарат әзірше жария етілмей отыр. "Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл дерек бойынша сәбидің анасын табу үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, мәйіт сот-медицина сараптамасына жіберілді. Еске сала кетейік, 2014 жылдың 22 қаңтарында Теміртау қаласында жаңа туған сәбидің өлі денесі тұрғын үйлердің бірінің қоқыс құбырынан табылған болатын. Кішкентай қыз баланың бас сүйегі жарылған. Полицейлер сәбидің анасын анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram