06 мамыр 2023 12:30

Павлодарда көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/tipavlo.dar

Павлодарда көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең болған. Видеоны павлодарлық пабликтердің бірі жариялады. Кадрларда үстіндегі киімін шешіп тасаған ер адам қолына пышақ ұстап көшеде кетіп бара жатқаны көрінеді.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

"6 мамырда сағат 07:30-да ELECOR күзет агенттігінің басқару пультіне Победа 25 мекенжайы бойынша "Тұман" мекемесінен қоңырау келіп түсті. Жедел әрекет ету экипажы келген кезде келушілер арасында жанжал болғаны анықталды, суық қару қолданылған. Павлодар қаласының тәртіп сақшыларымен бірге жанжалға қатысқандар ұсталды", - делінген видео сипаттамасында берген күзет қызметі хабарламасында.

Кейінрек Павлодар қаласының полициясы да оқиғаға қатысты пікір білдірді. Полиция мәліметінше, академик Сатпаев көшесіндегі сауда үйінің жанында ер адам пышақпен жүр деген хабарлама келіп түскен.

"Бұл факт Павлодар қаласының Солтүстік ПБ-де тіркелді. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді. Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасау үшін денсаулық сақтау органдарына жеткізді. Нәтижесінде, ер адам мас күйінде болған. Полиция ер адамды Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына апарды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram