Павлодарда отқа қойылған сусыз шәйнек қонақүйдегі өртке себепші болды

© x-uni.com

Павлодарда сусыз шәйнектің кесірінен қонақүйде өрт шықты, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Павлодар" қонақүйінің тоғызыншы қабатынан шыққан өрт туралы хабарды куәгер хабарлаған. Сонымен қатар, бұл ақпаратты қонақүй әкімшілігі растады.

"Павлодар қалалық №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Түлкібай Тезекбаевтың айтуынша, өрттің тұтануына су құйылмай, электр желісіне қосылған шәйнек себеп болған. Соның салдарынан тұрмыстық заттар жанып кетті. Өрт шалған аумақ - 1,5 шаршы метр. Қызыл жалын санаулы минуттардың ішінде ауыздықталды", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама