Павлодарда пойыз бен жүк көлігі соқтығысты

© pavlodarnews.kz

Павлодарда пойыз бен жүк көлігі соқтығысып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың мәліметінше, пойыз бен жүк көлігі Павлодар қаласындағы үлкен айналма жолдағы теміржол өткелінде соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының куәгері Арлан Мұстафиннің айтуынша, жүк көлігі пойызды өткізбеген.

"Оқиға кешкі сағат 20.30 шамасында болды. Скутермен өтіп бара жатып аударылып қалған көмір тиелген жүк көлігін көрдім. Менің ойымша, жол апаты көлік жүргізушінің қателігінен болған. Ол зардап шекпегенге ұқсайды, себебі жедел жәрдем қызметі келген жоқ", - деді ол.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, куәгер оқиға болған орын түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жариялапты. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама