21 тамыз 2022 | 12:34

Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған итке оқ атқан

Жансая Қадыржанова Корреспондент
polisia.kz

Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған итке оқ атқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған итке оқ атқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін таңда болған.

"21 тамызда сағат 6:31-де "102" нөміріне Бекхожин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің артында ер адамды ит қапқаны және өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасағаны туралы қоңырау келіп түсті", - дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға орнына Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының АП-627 автопатрулі жіберілген. Полицейлер оқиға орнынан Алабай тұқымды итті көрген.

Ер адам әйелге ит шабуыл жасағанын, кейін өзін де қапқанын айтып, полицияға жүгінген. Жағдайды бағалап, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында полиция кіші лейтенанты Ерсін Шахманов ПМ-9 мм қызметтік қаруын қолданып, екі рет оқ атқан. Ит аман, ол ветеринария қызметкерлеріне тапсырылған. Оның иесін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

Ал 33 жастағы жәбірленуші - Полиция департаменті қызметкері. Ол ауруханаға жеткізілген.

Жәбірленушінің айтуынша, таңертең жұмысқа шыққан. Жолда әйелге ит шабуыл жасағанын көрген. Ол ойланбастан жүгіріп келіп, әйелді жауып, иттен құтқарған. Кейін ит оған да шабуыл жасаған. Куәгерлер полиция шақырған. Полицейлердің қызметтік қару қолдану дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная