Павлодарда қоғамдық көліктің жүргізушісі өз өміріне не себепті қол салғаны белгілі болды

© tengrinews.kz

Павлодарда ?о?амды? к?лікті? ж?ргізушісі ?з ?міріне не себепті ?ол сал?аны болжаммды т?рде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер ер адамны? ?йелімен ?рысып ?ал?аннан кейін, ?зіне ?ол ж?мса?ан болуы м?мкін екенін айтады. Сот?а дейінгі тергеу шаралары барысында осы отбасында жа?дай ушы?ып т?р?аны аны?талды. "?айтыс бол?ан ер адамны? ?йелі ажырасу?а арыз берген. 2 наурызда сот отырысы бол?ан, сол кезде отбасына татуласуы ?шін бір ай уа?ыт берілген. 20 наурызда ерлі-зайыптылар арасында ?айтадан жанжал шы??ан. ?йеліні? айтуынша, сол к?ні ол балаларын алып туыстарыны? ?йіне кетіп ?ал?ан, ал к?йеуі ?йінде ?ал?ан", - дейді полицейлер.

Павлодарда қоғамдық көліктің жүргізушісі өз өміріне не себепті қол салғаны болжаммды түрде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер ер адамның әйелімен ұрысып қалғаннан кейін, өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін айтады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында осы отбасында жағдай ушығып тұрғаны анықталды. "Қайтыс болған ер адамның әйелі ажырасуға арыз берген. 2 наурызда сот отырысы болған, сол кезде отбасына татуласуы үшін бір ай уақыт берілген. 20 наурызда ерлі-зайыптылар арасында қайтадан жанжал шыққан. Әйелінің айтуынша, сол күні ол балаларын алып туыстарының үйіне кетіп қалған, ал күйеуі үйінде қалған", - дейді полицейлер.

Сонымен қатар, әйел адамның айтуынша, егер ажырасып кететін болса оның күйеуі бірнеше мәрте өзіне қол жұмсайтыны туралы айтқан. Қайтыс болған ер адам "Рас" ЖШС автопаркінде жүргізуші болып жұмыс істеген.

"Біз онымен он жылдан бері бір автопаркте жұмыс істеп келеміз. Жақсы жігіт, ұқыпты жүргізуші. Жұмыста ешкіммен жанжалдасып, ұрысқанын көрмедік. Отбасын қатты қадірлейтін, әйелі мен балаларын жақсы көретін, - деді қайтыс болған ер адамның әріптесі.

Реклама
Реклама

 

Қайтыс болған ер адамның микроавтобусы. © tengrinews.kz

Еске салайық, Павлодардың 38 жастағы қала тұрғыны көлік кәсіпорнына тиесілі микроавтобустың салонында өзіне қол жұмсаған.

"Суицид белгілері бар ер адамның мәйіті №4 бағыттағы микроавтобустың ішінен табылды. Көлік Павлов көшесіндегі аулада тұрған. Ер адам жүргізуші орнында қауіпсіздік белбеуіне асылып қалған. Қажетті сараптамалар тағайындалды, Тергеу жүріп жатыр", - дейді полицейлер. 

Бұл дерекке байланысты "Өзіне қол салуға дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның артында әйелі мен екі баласы қалған.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама