Павлодарда қызметтік көлігімен үш адамды қаққан шенеунік жазадан құтылды

© seyminfo.ru

Павлодарда ?ызметтік к?лігімен ?ш адамды ?а?ып кеткен шенеунікті? ісі то?татылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда қызметтік көлігімен үш адамды қағып кеткен шенеуніктің ісі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар облыы бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы жасаған жол-көлік оқиғасына қатысты іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Қазіргі уақытта мен қабылданған шешім бойынша ресми сауал жолдадым", - деді Павлодар облысындағы әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл Юрий Фельдман.

Сондай-ақ, ол жауап алынған соң этика жөніндегі кеңестің шенеунікке қатысты тәртіптік істі қарайтындарын айтты.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық іс ақталмайтын негізде тоқтатылған болса, этика жөніндегі кеңес шенеунікке қатысты тәртіптік істің материалдарын қарап шығады", - деді  Юрий Фельдман.

Еске сала кетейік, жер қатынастары басқармасы басшысы жол апатын былтыр күз айында жасаған болатын. 33 жастағы ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен соғысқан болатын. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен Toyota көлігіндегі екі жолаушы зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама