26 қараша 2021 10:16

Павлодарда таксиде жанжал шығарған тұрғынға айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
© elements.envato.com

Павлодар тұрғыны такси салонында жанжал шығарып, жол ақысын төлемей, көліктен түсуден бас тартқан. Осыдан кейін жүргізуші полицияға жүгінуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны такси салонында жанжал шығарып, жол ақысын төлемей, көліктен түсуден бас тартқан. Осыдан кейін жүргізуші полицияға жүгінуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы үй ауласында такси тұрғаны туралы қоңырау түскен. Ер адам жолаушы жанжал шығарып, оны балағаттап, көліктен түсуден бас тартқанын айтады.

"Такси жүргізушісі жолаушының айтуы бойынша, белгіленген орынға келген. Қыз темекі тартпақ болғанда оған жүргізуші салонда темекі шегуге болмайтынын ескертеді. Осыдан кейін қыз жүргізушіні балағаттап, былапыт сөздер айтып, жанжал шығарған. Ал белгіленген орынға келгеннен кейін ол ақша төлеуден бас тартқан. Ер адам клиентімен сөзге келмес үшін полицияға жүгінген", - деді полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тәртіп сақшылары қызға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Енді тәртіп бұзушы 5 АЕК – 14 585 теңге айыппұл төлеуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram