Павлодарда терезеден құлаған балалардың жағдайы туралы не белгілі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы терезеден балаларын лақтырып, артынан өзі секірген әйелдің және балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы терезеден балаларын лақтырып, артынан өзі секірген әйелдің және балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен балалар облыстық балалар ауруханасына сәрсенбіде сағат 13:20-да жеткізілген.

"2024 жылы туған бала клиникалық өлім жағдайында жеткізілді, қабылдау бөлмесінде реанимациялық шаралар жүргізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы 3-дәрежелі травматикалық шок, 3-дәрежелі кома, көлемді бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің көптеген зақымдануы, бас миының контузиясы, ішкі ағзалардың контузиясы салдарынан өте ауыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2017 жылы туған баланың бассүйек-миы жабық жарақаттанған, миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған, ішкі ағзалары зақымдалған. Оның жағдайы ауыр, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ведомство мәліметінше, барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

1991 жылы туған әйел есін біледі, жағдайы ауыр деп бағаланады. Жабық бас-ми жарақаты, аяқ-қол сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.

Облыстық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. 30 шілдеде Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан үйдің 4 және 5 қабаттарының арасындағы кіреберіс терезесінен екі бала мен әйел құлағаны анықталды. Зардап шеккендер кіреберістің үстіндегі шатырға құлап, ауруханаға жеткізілген.

"Кісі өлтіруге оқталу және өзіне қол жұмсау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде есепте тұрған", – деп хабарлады полиция.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама