Павлодарда төрт оқушы сабақ үстінде талып қалған

© Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында алтыншы сыныпты? т?рт о?ушысы саба? ?стінде талып ?алып, аурухана?а жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? денсаулы? са?тау бас?армасыны? ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Павлодар облысында алтыншы сыныптың төрт оқушысы сабақ үстінде талып қалып, ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап. 

Павлодар облысындағы Парамоновка ауылындағы орта мектепте төрт оқушы қыз сабақ үстінде есінен танып қалған. Олар дереу Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілген. 

"Оқушылардың айтуынша, олар мектепте жүргенде талып қалған. Неден екенін білмейді. Ауруханаға жеткізілген кезде жағдайлары түзелді. Бір қыз басының ауырғанына шағымданды. Дәрігерлер оны тексеріп, ангинасының іріңдегенін анықтады, осыдан кейін ол инфекциялық бөлімге жатқызылды. Қалғандары тексерістен кейін үйге жіберілді", - дейді облыстық басқарма өкілдері. 

Реклама
Реклама

Дәрігерлер қыздардан барлық қажетті сараптама алынғанын айтады. "Ешқандай ауытқушылық, асқынғандық анықталмады. Үш оқушы бүгін таңертең үйге жіберілді", - дейді басқарманың баспасөз қызметінің өкілдері. Ал Ақсу қаласының білім басқармасы қызметкерлерінің сөзінше, қыздар естерінен танбаған.

"Әр сыныпта оқитын оқушылар өздерін нашар сезінген. Бас ауруына шағымданған, дәрігерлер оларды қарап, ауруханаға жіберді. Медицина қызметкерлері гемоглобинның төмендегенін және қан тамырларының дистониясын анықтаған. Олар жалпы бөлімге жатқызылып, бір қыздан өзгесі таңғысын үйлеріне жіберілді. Мен ол мектепте болдым, ешкім есінен танған жоқ деп толық айта аламын", -  дейді Ақсу қалалық білім басқармасының жетекшісі Қайрат Смағұлов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама