Павлодарда трамвай өртенді

© Pavlodarnews.kz

Павлодарда трамвай өртенді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, трамвай Кутузов көшесінің бойындағы Баймолдин аялдамасында өртенген. "Қоғамдық көліктің отқа оранғаны туралы "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ-ның мамандары хабарлады. Жүргізуші кабинасында басқару панелі мен қаптамасы өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметінің мамандары келгенше трамвайда болған 15 адам сыртқа шығып үлгерді", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта келген шығын көлемі мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, кеше, яғни 21 шілдеде Алматыда жолаушылар автобусы өртенген болатын. №34 маршруттағы автобус Сейфуллин көшесінің Райымбек даңғылымен қиылысында өртенді. ТЖД мәліметінше, өртенген кезде автобустың ішінде адамдар болмаған. Өрттің ауданы 10 шаршы метр болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама