12 наурыз 2021 | 09:59

Павлодарда туыстары қан құюдан бас тартқан нәресте қайтыс болды

Фото: ©Tengrinews.kz

Павлодарда ата-анасы ауыр жағдайда туған ұлына қан құюға тыйым салды. Сәби бір күн ғана өмір сүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда ата-анасы ауыр жағдайда туған ұлына қан құюға тыйым салды. Сәби бір күн ғана өмір сүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Бала 2021 жылы 22 қаңтарда дүниеге келген. Шала туылған нәрестенің салмағы - 700 грамм. Медициналық көрсеткіштер бойынша оған шұғыл қан құю қажет болған. Жас ана діни сенімдеріне байланысты қан құюдан бас тартқан. Павлодарлық дәрігерлер бірнеше сағат бойы оны сендіруге тырысқанымен, нәтиже болмаған.

Әйел "қан құюдан бас тарту салдарынан бала өміріне тікелей қауіп төнсе де, ол шешімін өзгертпейтінін" жазып берген.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметіне сүйенсек, бұл ата-анасы өмір мен өлім арасында жатқан баласына қан құюға тыйым салған алғашқы жағдай емес.

Жас ана бұл процедураға қарсы екенін айтып, "қан құю арқылы жұқтыру және асқыну қаупі барын" алға тартқан. Алайда балама емдеу әдістеріне келісім берген. 

Егер ата-ананы көндіру мүмкін болмаса және бала өміріне қауіп төнсе, онда консилиум жиналады. Ол жиында процедураны туыстарының келісімінсіз жүргізуге шешім шығаруы мүмкін. Бірақ бұл оңай емес. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске және денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес дәрігерлер гемоглобинді балама түрде арттыра алады.

"Иә, эритропоэтин бар. Бұл туралы біледі. Бірақ, бұл дәрі-дәрмек көп мөлшерде қан жоғалту кезінде қолданылмайды", - деп атап өтті неонатолог дәрігер, перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары Жаңылай Қапанова.

Ата-ананы, туыстарды көндіру үшін уақыт кетеді. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болған дәрігерлер қалай әрекет ету керектігін толық түсінбейді. Полицияны қай уақытта шақыру керек, ата-аналарға шешім қабылдауға қанша уақыт беру керек. Кейбір дәрігерлер ата-аналар сотқа жүгінеді және жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді деп алаңдайды.

Павлодар ауыруханасында жас ана қан құюға келісім бермегендіктен полицияға қоңырау шалып, консилиум өткізді. Алайда қан құюға уақыт жетпеді. Нәресте қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная