Павлодарда үйдің кіреберісінде қызды зорлады делінген күдікті ұсталды

Видео кадры

Павлодарда үйдің кіреберісінде қызды зорлады делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап. Оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс 121-баптың 4-бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") тергеліп жатыр. Күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқиға 9 маусымда болған. "Шамамен 21.00-де Павлодар тұрғыны хабарласып, Бектұров көшесіндегі үйдің кіреберісінде ер адамның кішкентай қызға сексуалдық мәндегі зорлық көрсеткені туралы хабар келіп түсті", - деп хабарлады полициядағылар.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Оқиға орны тексерілді. Полицейлер бақылау камерасындағы видеоны алып, күдіктінің бағыттамасын жасады. "Жедел-іздестіру шаралар кешенінің нәтижесінде бүгін зират маңынан 53 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұған дейін ол түрлі қылмысы бойынша сотты болған. Ұсталған адамнан жауап алу сәтінде ол кінәсін мойындады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама