Павлодарда ыстық су құбыры жарылды

Видеодан алынған кадр

Павлодарда ыстық су құбыры жарылып, фонтаннан су атқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда ыстық су құбыры жарылып, фонтаннан су атқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қамзин мен Малайсары көшелерінің қиылысында орналасқан су құбыры жарылған. Видеоны Instagram желісіне куәгерлер жариялаған.

Реклама
Реклама

"Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, гидравликалық сынақтар жүргізу салдарынан осындай төтенше жағдай болған.

"15-24 мамыр аралығында Павлодардың оңтүстік бөлігінде жоспарланған гидравликалық сынақтар жүргізіліп жатыр. Салдарынан көшедегі құбырларға қысым түскен. Оқиға орнына "Павлодар жылу желісі" ЖШС апат бригадасы барды", - деді компаниядағылар.

Олардың айтуынша, ыстық су 45 градустан аспаған. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама