Павлодарда жасөспірім селфи жасаймын деп токқа түсіп қалды

Павлодарда жасөспірім селфи жасаймын деп токқа түсіп қалды

Павлодарда жасөспірім селфи жасаймын деп токқа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық көліктегі ІІД желілік бөліміне сілтеме жасап. 

Көлік полицейлері Павлодарда 15 жастағы жасөспірімге қатысты қайғылы оқиғаны тергеп жатыр. Бала бос пойыздың үстінде суретке түспек болған кезінде токқа түскен. Тепе-теңдікті сақтай алмаған ол жоғары волтты сымды ұстап қалған. Салдарынан оны 27 мың вольт қуатымен ток ұрған.

"Зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Оқиға дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полицейлер. Дәрігерлердің мәліметінше, жасөспірімнің денесінің 85 пайызын күйік шалған. Ол есін жиған. Ішкі органдарына зақым келмепті.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама